«Төртінші ғарышкерімізді ұшыру ең алдымен қаржыға байланысты. Бір ғарышкерді ғарышқа жіберудің құны 30 млн АҚШ долларды құрайды. Екіншіден, оны босқа турист ретінде жібермей, осы ретте ғылыми-зерттеу жұмыстарына мән беру керек қой. Осы жұмыстардың тиісті жоспары мен бағдарламасы болуы қажет және ол жоспарды біздің министрліктер мен өзге де органдар беруі тиіс»,-деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.
Сөз соңында Атамқұлов төртінші ғарышкер бойынша жоспар бар екенін, алайда қаржылық мүмкіндіктер шешіліп, Парламент тарапынан қолдау білдірілсе алдағы мақсаттарды жүзеге асыруға болатынын атап өтті.