Қазақстанда KazSat-2R жерсерігі іске қосылады

«Бiз Қазақстан Республикасы ғарыш аппараттарының орбиталық топтамасын дамыту және кеңейту бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. ҚР ғарыш аппараттарының орбиталық топтамасы бүгiнгi таңда 4 спутниктен тұрады. Ал келесi жылдың басында тағы екi жерсерiкпен толығуы тиiс. KazSat ғарыш байланыс жүйесi екi жер бетiндегi басқару кешенi бар KazSat-2 және KazSat-3 байланыс жүйелерiнен тұрады. Жүйе елдiң бүкiл аумағында спутниктiк байланыс пен телевизиялық таратылымды қамтамасыз етедi. Сондай-ақ, мемлекеттiк органдарды, ұлттық компаниялар, жекеменшiк ұйымдар мен шалғайдағы ұялы байланыстың базалық стансаларының жұмысын мәлiметтермен қамтиды», — дедi Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, «Otau tv» телеарнасының 1 млн астам абонентi сервистердi KazSat-3 спутнигi арқылы алады. Нәтижесiнде елдiң ақпараттық қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлiп, шетелдiк компаниялар үлесi азайған.

«KazSat жүйесiн пайдалану кезеңiнде шетелдiк спутниктердiң ресурстарын пайдалануды қысқарту 14,7 млрд теңге табыс әкелдi. Қазiргi кезде бiзде KazSat жүйесiнiң спутниктерi болмаған кезде тұтынушыларымыз шетелдiк жерсерiктердi пайдаланғаны үшiн 45 млн АҚШ долларын төлеушi едi», — дедi Бейбiт Атамқұлов.

Министрдiң айтуынша, спутниктердi қолдану мерзiмiнiң аяқталуына байланысты KazSat-2 спутнигiн жоспарлы ауыстыру үшiн 2023 жылға қарай KazSat-2R жерсерiгiн жасап, iске қосу көзделiп отыр.

ДереккөзBaq.kz