Басты бет Жаңалықтар Астанада The Ritz Carlton қонақ үйі ашылды

Астанада The Ritz Carlton қонақ үйі ашылды

Астананың Talan Towers көпфункционалды кешенінде бес жұлдызды алғашқы халықаралық премиум-класты қонақ үйі ашылды. Ашылу рәсіміне Елбасы қатысты.

«ЭКСПО-2017″ халықаралық көрмесі қарсаңында елорда тұрғындарына тағы бір сыйлық жасалды. Бұл  –  әлемдік деңгейдегі «Ритц-Карлтон» қонақ үйі. Оның құрылысына сапалы технологиялар мен стандарттар қолданылып, қысқа мерзім ішінде бой көтерді. Бұл – қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Астананың жоғары деңгейлі қонақ үй кешеніне ие болғанын атап өтті.

«Қонақ үй құрылысына Қазақстанның компаниялары қатысты. Жаңа ғимаратта ең жоғары дейгейдегі іс-шараларды өткізіп, жоғары мәртебелі меймандарды қабылдауға қажетті барлық инфрақұрылым бар», – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы қонақ үйдің «Құрметті қонақтар» кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version