Басты бет Жаңалықтар Ақылды адамның белгілері

Ақылды адамның белгілері

Алдыңызда отырған адамның ақылды не ақылды емес екенін ажырата білесіз бе? Жалпы ажыратуға бола ма? Осы орайда «Өзің жайлы айқайлап айтпа, одан да ақырын өзгелер айтсын» деген сөз бекер айтылмаса керек.

Сонымен, ақылдыларды қалай ажыратамыз? Төмендегі белгілеріне назар аударып көріңіз.

Танымы кең

Демек, олар бу қозғалтқыштары жайлы, Мариин театрының қойылымдары мен Джек Лондонның кітаптары жайлы әңгімелесе біледі. Онымен сөйлесіп отырып, өзіңіздің әлі де көп оқуыңыз, ізденуіңіз керектігін түсінесіз. Жан-жақты даму – ақылды көрінгісі келетіндердің емес, шынымен ақылды болғысы келетіндердің әрекеті.

Аз біліп, көп қабылдау

Бұл этапта сіздің көзқарасыңыз, білім көкжиегіңіз құрғақ ақпараттарды ғана қабылдап отыруды азсынады. Сондықтан олар тереңірек зерттеп, білуге құштар болып келеді. Идея қажет пе? Ешқандай қиындығы жоқ! Мәселе шешу қажет пе? Оның да жолы табылады. Ақылдылар кез келген уақытта, кез келген жағдайдан шыға біледі. Және өте жақсы нәтиже көрсетеді.

Жинақы сөз 

«…Айтушы білмейді, білетін айтпайды». Үнсіздік – ақылдылықтың белгісі емес, дегенмен ішкі күштің мықтылығын білдіреді. Адам бәрін біліп тұрған кезде үндемейді де, керісінше айтатын түгі жоқ кезде көп сөзділікке салынады.

Сыпайылық

Ол – терең ойлы адамның бірден-бір белгісі. Ал «Мен – ең күштімін!» деу өз бағаңды өзгелер алдында түсіруге көмектеседі. Олар үнемі өзінің мықтылығын дәлелдеумен болады. Дегенмен қайткенде де интеллект, өре жетіспейтіні байқалып қалады.  Ал ақылдылардың дәрежесі онсыз да көзге ұрып тұрады. Бриллиант  та әйнектің жанында бриллиант екенін дәлелдемейді ғой.

Жарқын жүзділік

Дана адам ешкім ешқашан ешкімнен артық бола алмайтынын жақсы біледі. Сондықтан өз күшін қалағанына ғана емес, нәтижелі, қайырлы іске де жұмсап отырады. Өзгеге мейірім танытуға, көмек көрсетуге дайын тұрады. Қателікке, сәтсіздікке ұрынса да, тәжірибе жинап, әрі қарай аяққа тұрып кетеді. Ал ол кезде ақымақтар бос жүреді не ұйықтап жатады.

Жан-жақтылық

Ақылдылар әлсіздік пен шаршаудың толыққанды өмірмен ұштаспайтынын біледі. Сол үшін де ол үнемі өзімен жұмыс істейді. Өзін дамытады, өсіреді. Олардың басты қарсыласы – өздері. Нәтижесінде қалыптасқан тұлғаға айналады.

11 пікір

  1. Жақсы. Ақпараттың барлығы құнды, тек соған дең қойып оқитын, үлгі етіп, ойын, санасын түзейтін халқым — жастар жадысына түйсе. Жаспарым мен «мен данышпанмын» дегендерге айтарым: өміріңнің сəтсіздігі үшін ппезидент пен өзгені кінəлəма, өзіңнің сана түйсігіңді теже!
    Ақпарат деректерін сараптаушыларға- сəттілік, мерейі үстем болсын!

  2. Бызге казыргы танда тек кана казакша ойлап, казакша жазатын,казакша сойлейтын адамдар ауадай керек

  3. Қазіргі біздің қоғамда ақылдылықты,әсіресе сыпайылықты басқаша қабылдайтын сияқты. Мысалы көпшілік жерде сыпайылық танытып жатсаң сені «момын,сорлы,тормоз»деп есептейтіндер көп.????????????????

  4. омирде акылды адам болмайды. окып, корип барып кана дуниени танып акыл солаи тажирбемен келеди. сондыктан акылды акымак деп аитудын кажети жок.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version