Басты бетЖаңалықтарАқылды адамның...

Ақылды адамның белгілері

Сонымен, ақылдыларды қалай ажыратамыз? Төмендегі белгілеріне назар аударып көріңіз.

Танымы кең

Демек, олар бу қозғалтқыштары жайлы, Мариин театрының қойылымдары мен Джек Лондонның кітаптары жайлы әңгімелесе біледі. Онымен сөйлесіп отырып, өзіңіздің әлі де көп оқуыңыз, ізденуіңіз керектігін түсінесіз. Жан-жақты даму – ақылды көрінгісі келетіндердің емес, шынымен ақылды болғысы келетіндердің әрекеті.

Аз біліп, көп қабылдау

Бұл этапта сіздің көзқарасыңыз, білім көкжиегіңіз құрғақ ақпараттарды ғана қабылдап отыруды азсынады. Сондықтан олар тереңірек зерттеп, білуге құштар болып келеді. Идея қажет пе? Ешқандай қиындығы жоқ! Мәселе шешу қажет пе? Оның да жолы табылады. Ақылдылар кез келген уақытта, кез келген жағдайдан шыға біледі. Және өте жақсы нәтиже көрсетеді.

Жинақы сөз 

«…Айтушы білмейді, білетін айтпайды». Үнсіздік – ақылдылықтың белгісі емес, дегенмен ішкі күштің мықтылығын білдіреді. Адам бәрін біліп тұрған кезде үндемейді де, керісінше айтатын түгі жоқ кезде көп сөзділікке салынады.

Сыпайылық

Ол – терең ойлы адамның бірден-бір белгісі. Ал «Мен – ең күштімін!» деу өз бағаңды өзгелер алдында түсіруге көмектеседі. Олар үнемі өзінің мықтылығын дәлелдеумен болады. Дегенмен қайткенде де интеллект, өре жетіспейтіні байқалып қалады.  Ал ақылдылардың дәрежесі онсыз да көзге ұрып тұрады. Бриллиант  та әйнектің жанында бриллиант екенін дәлелдемейді ғой.

Жарқын жүзділік

Дана адам ешкім ешқашан ешкімнен артық бола алмайтынын жақсы біледі. Сондықтан өз күшін қалағанына ғана емес, нәтижелі, қайырлы іске де жұмсап отырады. Өзгеге мейірім танытуға, көмек көрсетуге дайын тұрады. Қателікке, сәтсіздікке ұрынса да, тәжірибе жинап, әрі қарай аяққа тұрып кетеді. Ал ол кезде ақымақтар бос жүреді не ұйықтап жатады.

Жан-жақтылық

Ақылдылар әлсіздік пен шаршаудың толыққанды өмірмен ұштаспайтынын біледі. Сол үшін де ол үнемі өзімен жұмыс істейді. Өзін дамытады, өсіреді. Олардың басты қарсыласы – өздері. Нәтижесінде қалыптасқан тұлғаға айналады.

Дереккөзikerim.kz