Қытайда АҚШ долларын сатып алуға шектеу қойылды

Қазірдің өзінде шетел азаматтары күніне тек – 500, ал қытайлықтар 3000 доллар ғана сатып алады. Financial Times-тің дерегі бойынша, банктерге билік тарапынан АҚШ ақшасын сатпау жөнінде ауызша нұсқау берілген көрінеді. Ал ұлттық валюта мүлдем құлдырамай тұрғанда, жиған-тергенін долларға айырбастауға асыққан қарапайым тұрғындардың көңілі алаң.

Жаңа жыл Қытай ақшасының құнсыздануымен басталды. 8 қаңтарда 1 доллар 6,5 юаньға дейін өсіп кетті. Бұл – 2011 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Юаньді долларға айырбастамақ болып банктің бөлімшесіне кірдік, бірақ кеңесші АҚШ долларының таусылып қалғанын айтып кері қайтарды. Банктерде валюта айырбастауға шектеу қойылған соң, қазір қара нарықтағы саудагерлердің қолы жүріп тұр. 

Бейжіңдегі Ябоулы ауданында долларды қолма-қол айырбастап беретін бейтарап делдалдар көп. Соның бірі – өзін Коля деп таныстырған мына қытай жігіті. Алғашында ат-тонын ала қашқан валюта саудагері біз ұсынған қызыл ақшаға қызығып, сұхбат беруге келісе кетті. Коля үш жылдан бері осы жерде туристерге доллар айырбастап береді екен. Бағамы бар-жоғы 5 юаньға қымбат, есесіне шаруаңды едел-жедел шеше қояды.

Коля, валюта айырбастаушы делдал:

Соңғы кездері АҚШ долларына деген сұраныс артты. Өйткені банктер тұрғындардың қажетін өтей алмай отыр. Сондықтан, доллар сатып алушылардың қарасы қалың. Бізге банктегідей шектеулер мен арнайы құжаттың қажеті жоқ, қалауына қарай айырбастап береміз.

Қазіргі шектеу бойынша, Бейжіңде Қытай азаматтары күніне 3000, ал шетелдіктердің тек 500 доллар сатып алуына болады. Ал Шанхай тұрғындары тәулігіне 5, егер алдын ала тапсырыс берсе, 10 мың долларға дейін айырбастауына мүмкіндік бар. Бір аптада тек үш рет тапсырыс қабылданады. Қытай экономистері жеке тұлғалар мен компаниялардың АҚШ долларын сатып алуына шектеу қойылуы уақытша шара деп есептейді. Олар «Бұл биліктің юаньға деген қысымды азайтып, капиталдың шекара аспауы үшін жасаған амалы» деп отыр. Алайда 2016 жыл әлемнің екінші ірі экономикасы саналатын ел үшін сынақ кезеңі болғалы тұр. АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені көтерген соң, юаньға жасалатын сыртқы ықпал күшейген. Қысым көрген қызыл ақша құнының құбылуы соның айқын белгісі болса керек.

Лю Янчун, Қытай халық университеті жанындағы экономикалық мектеп деканының орынбасары:

— Валюта бағамы Қытай экономикасы үшін күрмеуі көп мәселеге айналатын түрі бар. Биыл біз ішкі қор нарығын бүгінгі талаптарға сай реттеп, бейімдеуіміз керек. Сондықтан 2016 жыл ең ауыр соққы алатын жыл болмақ.

Бянь Юңзу, Қытай ұлттық университеті қаржы факультетінің экономист-сарапшысы:

— Кейбір дерек көздері юань күрт құнсыздануы мүмкін деген ақпараттарды алдын ала таратып, халықтың ұлттық валютаға деген сенімсіздігін күшейтті. Бұл үрдіс бұрын да болған. Бірақ Қытайдың төл ақшасы төмен құлдырай береді деген болжаммен келіспеймін.

Былтыр аспан асты елінің резервтік қоры 513 млрд долларға кеміді. Тек ағымдағы қаңтар айының 12 күнінің өзінде юань құнын ұстап тұру үшін 100 млрд-тан астам доллар жұмсалған. Халықаралық валюта қорының болжамына қарағанда, Қытайда даму қарқынының бәсеңсуі биыл да жалғаса береді. 2016 жылы алып елдегі ЖІӨ 6,3%-ды межелеуі мүмкін.

Дереккөз24.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанның екі облысында жолдар ашылды

Екатеринбург-Алматы тасжолының екі учаскесінде Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында көлік қозғалысы ашылды.

Қазақстандағы коронавирус статистикасы. 30 наурыз

Қазақстанда кейінгі тәулікте 88 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Елімізге көлікпен бидай импорттауға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстан аумағына көлікпен бидай импорттауға шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында жазылған.

Алматыда жаңа электр станциясы іске қосылады

Алматыда биыл «Нұршашқан» және «Қайрат» шағынаудандарын тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін қосалқы электр станциясы іске қосылады.

Мәжілісте комитеттердің төрағалары сайланды

Мәжілістің пленарлы отырысында тұрақты комитеттердің саны мен атауы қаралып, төрағалары сайланды.

Шілдеден бастап бірқатар әлеуметтік төлемнің мөлшері артады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы" үкімет қаулысының жобасын дайындады.