Пайдалы 10 тағам
Су
Ораза кезінде суды тамақтанып болған соң ішкен абзал. Алайда, күні бойы шөлдеп қалмау үшін сәресінде артық мөлшерде су ішкен дұрыс емес.
Құрма
Құрма Ислам дінінде киелі әрі пайдалы тағам саналады. Тіпті, ауызашарды құрмамен бастау дәстүрі де қалыптасқан.
Сорпа
Адам ағзасы күніне 2 литр су ішуі керек. Ал аузы берік адамның ағзасы су тапшылығына ұшырайды. Сондықтан, сорпалы, сұйық тағамды ас мәзіріне міндетті түрде қосқан дұрыс.
Жаңғақ
Бадам (миндаль) және грек жаңғағының адам ағзасына пайдасы көп. Ол күш-қуат береді және құрамында дәрумендер көп.
Дәнді дақылдар
Арпа, бидай, фасоль, тары, күріш, жүгері, қарақұмық та адам ағзасы үшін пайдалы өнімдер.
Сұлы ботқасы
Сұлы ботқасын тек ораза кезінде ғана емес, басқа уақытта да пайдалануға кеңес береді мамандар. Сіңімді, жеңіл әрі пайдалы тағамнан бас тартпаған жөн.
Сүт өнімдері
Айран, құрт, ірімшік сияқты сүт өнімдері кальцийге бай.
Жеміс-жидек
Жеміс-жидектердің пайдасы айтпаса да түсінікті.
Көкөністер
Жеміс-жидек секілді көкөністер де дәруменге бай. Тек оның балғын әрі табиғи түрін таңдап алған жөн.
Талқан
Талқан – көктеген және термоөңдеуден өткен бидай, қара бидай, сұлы және арпадан жасалған өнім. Бұл тағам адамға күш-қуат береді. Бір кесе талқан күні бойы тоқ жүруге көмектеседі.
Зиянды 10 тағам
Тұзы көп тағам
Тұзды тағамдардан тек Ораза уақытында ғана еес, күнделікті өмірде де бас тартқан жөн.
Майлы тағам
Майлы тағам асқазанға ауыр және қорытылуы қиын. Сондықтан, неғұрлым жеңіл тағамдарды таңдау керек.
Жұмыртқа
Жұмыртқа да қорытылуы қиын тағамдар қатарына жатады. Сондықтан, Ораза уақытында жұмыртқадан жасалатын тағамдарға жоламаған дұрыс.
Ащы тағамдар
Ащы тағамдар адамды жылдам шөлдетеді.
Қамыр
Қамырдан жасалған тағамдар да ауыр болады және ұннан жасалған тағамдар семіздікке душар етуі мүмкін.
Тәтті тағамдар
Тәтті тағамдарды күнделікті тұтынбаған абзал. Кондитерлік өнімдерден Ораза уақытында тыйылған дұрыс.
Газдалған тәтті сусындар
Бұл сусындарды ішкен адам жылдам шөлдейді. Қан құрамындағы қанттың көбеюі осы сусындардың әсерінен болады.
Майонез
Майонез майлы болғандықтан, бас тартыңыз.
Фаст-фуд өнімдері
Ауызашарға фаст-фуд өнімдерін пайдаланбауды қатаң қадағалаңыз. Бұл тағамдар денсаулыққа зияндығымен қоймай, адамды тез тоздырады.
Шұжық
Қасиетті Рамазан айында дастарханда шұжық өнімдері болмағаны абзал. Мейлі, халал немесе мұсылман өнімі болсын, бір айға бұл өнімдерден бас тарта тұрыңыз.