Басты бет Видео «Астана туралы монологтар» жобасы басталды (Видео)

«Астана туралы монологтар» жобасы басталды (Видео)

«Астана туралы монологтар» – Қазақстанның бас қаласына арналған видео сюжеттер циклі. Қазақстандық танымал мәдениет және спорт қайраткерлері «монологтар» арқылы Астана жайлы баяндайды. Олардың өмірінде Елорданың орны қандай, бұл қаламен байланыстыратын қандай жарқын естеліктер бар, осы жылдар ішінде Астана қалай көркейіп жатқаны туралы кеңінен әңгімелейді.

Түсірілім жұмыстары Астананың символына айналған нысандарда жасалынды. Әр видео сюжетте кейіпкердің көрермен біле бермейтін қырлары ашылып, Елорданың ең көрікті жерлері таныстырылады.

«Астана туралы монологтар» циклін қалалық әкімдіктің шығармашылық тобы дайындады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version