Басты бет Жаңалықтар ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы жалған ақпарат таратушыларға қарсы қылмыстық іс қозғамақ

ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы жалған ақпарат таратушыларға қарсы қылмыстық іс қозғамақ

ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы жалған ақпарат таратушыларға қарсы қылмыстық іс қозғауға бастамашы болып отыр.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ соңғы уақытта WhatsApp қосымшасы арқылы қазақстандықтар арасында тарап кеткен жалған ақпаратты таратушыларды жазалау мақсатында қылмыстық іс қозғауға бастамашы болып отыр. Бұл туралы Zakon.kz жеке дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

БАҚ-тың хабарлауынша, ашылу шарасының дайындығы Астана тұрғындары мен қонақтарының қатысуынсыз ұйымдастырылады. 4 маусым күні де аталған тәртіп өзгермек емес.

Соңғы уақытта қазақстандықтар арасында 2017 жылдың 4 маусымында ЭКСПО аумағында ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу шарасының бас дайындығы өтеді, сондай-ақ Алматы қаласы жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады және павильондар ашылады деген хабарлама тарап кеткен болатын. Ақпаратқа сәйкес, шара 15:00 мен 21:30 арасында өтеді, кіру тегін, ересектер мен 10 жастан асқан балалар қатыса алады.

«Көрменің өзі 2017 жылдың 9 маусымында ашылады, оған тек сатылымға шықпаған шақыру билеттері бойынша ресми тұлғалар ғана қатыса алады. Демалыс күні көреміне тегін аралап, концерт қараймын десеңіздер, 2017 жылдың 4 маусымында келіңіздер. Есік алдында кіру билеттерін беретін кассалар болады», — деп айтылған болатын хабарламада.

1 пікір

  1. Өтірік ақпаратқа сеніп қажет жоқ. Дайындық кезінде көрінгенді кіргізе бермейтіні айтпаса да түсінікті ғой. Ресми ашылуына барсақ болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version