«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ соңғы уақытта WhatsApp қосымшасы арқылы қазақстандықтар арасында тарап кеткен жалған ақпаратты таратушыларды жазалау мақсатында қылмыстық іс қозғауға бастамашы болып отыр. Бұл туралы Zakon.kz жеке дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
БАҚ-тың хабарлауынша, ашылу шарасының дайындығы Астана тұрғындары мен қонақтарының қатысуынсыз ұйымдастырылады. 4 маусым күні де аталған тәртіп өзгермек емес.
Соңғы уақытта қазақстандықтар арасында 2017 жылдың 4 маусымында ЭКСПО аумағында ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу шарасының бас дайындығы өтеді, сондай-ақ Алматы қаласы жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады және павильондар ашылады деген хабарлама тарап кеткен болатын. Ақпаратқа сәйкес, шара 15:00 мен 21:30 арасында өтеді, кіру тегін, ересектер мен 10 жастан асқан балалар қатыса алады.
«Көрменің өзі 2017 жылдың 9 маусымында ашылады, оған тек сатылымға шықпаған шақыру билеттері бойынша ресми тұлғалар ғана қатыса алады. Демалыс күні көреміне тегін аралап, концерт қараймын десеңіздер, 2017 жылдың 4 маусымында келіңіздер. Есік алдында кіру билеттерін беретін кассалар болады», — деп айтылған болатын хабарламада.