Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Қытай меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Қытай меморандумға қол қойды

1 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің (SAIC) делегациясымен кездесу өткізілді. Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған кездесу аясында қытайлық тарап ҚХР-да жүргізілген кәсіпкерлік жүйесі реформасын таныстырды, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі мен Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар өткізілген кездесу аясында ҚХР Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің және Ұлттық экономика министрлігінің арасында бәсекелестік саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандумның мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы бәсекелестік саясат, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы құқықтық қолдану саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жалпы аясын белгілеу.

Аталған меморандумды жүзеге асыру аясында монополияға қарсы заңнама және құқық қолдану саласында ақпарат алмасу, Қытай мен Қазақстанда ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу, оның ішінде бәсекелестік және басқа да істерді қараумен айналысатын лауазымды тұлғалар үшін кәсіби тренингтер өткізу бағыттары бойынша ынтымақтастық орнатылмақ.

Қытайлық тараптың делегациясын Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің вице-министрі Ванг Джианпиг (Wang Jiangping) мырза басқарды.

Кездесудің қорытындысы бойынша аталған меморандумды жүзеге асыру аясында іс-қимыл жоспарын әзірлеуге шешім қабылданды.

2 пікір

  1. Кытай бəрін сатып алып,болашақта бизге ештеңе қалмайтын шынар.Қазақ елі.

  2. Кытай бəрін сатып алып,болашақта бизге ештеңе қалмайтын шынар.Қазақ елі.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version