Аталған кездесу аясында қытайлық тарап ҚХР-да жүргізілген кәсіпкерлік жүйесі реформасын таныстырды, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі мен Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар өткізілген кездесу аясында ҚХР Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің және Ұлттық экономика министрлігінің арасында бәсекелестік саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандумның мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы бәсекелестік саясат, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы құқықтық қолдану саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жалпы аясын белгілеу.
Аталған меморандумды жүзеге асыру аясында монополияға қарсы заңнама және құқық қолдану саласында ақпарат алмасу, Қытай мен Қазақстанда ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу, оның ішінде бәсекелестік және басқа да істерді қараумен айналысатын лауазымды тұлғалар үшін кәсіби тренингтер өткізу бағыттары бойынша ынтымақтастық орнатылмақ.
Қытайлық тараптың делегациясын Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің вице-министрі Ванг Джианпиг (Wang Jiangping) мырза басқарды.
Кездесудің қорытындысы бойынша аталған меморандумды жүзеге асыру аясында іс-қимыл жоспарын әзірлеуге шешім қабылданды.