Басты бет Жаңалықтар 1 маусымға арналған ауа райы болжамы

1 маусымға арналған ауа райы болжамы

Жаздың алғашқы күнінде Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын тоқтайды. Тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Фото: Markinternational.info

Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с болады, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с дейін барады, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір аймағында жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар, түнде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 градус үсік күтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version