Жарысқа Елорданың әр ауданынан 20 жас шахматшы қатысты. «Үздік гроссмейстер» атағына 12 жасқа дейінгі және ересектер болып, екі санат бойынша, барлығы 60 адам тартысқа түсті. Турнир швейцар жүйесі бойынша 3 кезеңнен тұрды.
— Бұл турнир салауатты өмір салтын насихаттауға, балалар мен жас өспірімді спортқа баулу мақсатында өткізіліп отыр. Турнир қортындысы бойынша, жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды, — дейді ұйымдастырушылар.
Бұл айтулы мерекемен мектеп оқушыларын құттықтау үшін Астана қаласының ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Кұмырбекұлы Шалданбаев,Астана қалалық ІІД кадрлық жұмыстар басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Байтұрсынұлы Далишев және жоғарғы спорт мектебінің жетекшісі Рүстем Ілиясұлы Калин арнайы келді.
1999 жылдан бері «Асар» клубында 3000-нан аса жастар тегін дайындық курсын өткен. Клубтың тәрбиеленушілерінің шахматтан бөлек, армрестлинг және көркемөнер шығармашылығымен де айналысуға мүмкіндігі бар.