Айта кетейік, 2015 жылы құрылған Stanley Robotics компаниясы автоматтандырылған тұрақтарды жасайтын жобалармен айналысады. Шарля де Голля әуежайында компания сынақтары сәтті өтіп жатыр. Электрленген Stan роботы жылына 30 мың көлікті тұраққа апарып қайта әкеледі. Сонымен қатар, есікті ашу қажет болмағандықтан, көліктер бір-біріне жақын орналастырылады. Бұл өз кезегінде орынды үнемдейді.
Көліктерді тұраққа орналастыратын робот пайда болды (Видео)
Францияның Stanley Robotics компаниясы көлікті өздігінен тұраққа қоятын робот жасап шығарды. Жүргізуші алдымен көлігін арнайы орынға кіргізіп, толығымен өшіреді. Артынша тұрақта қанша уақыт қалатынын растайды. Одан кейін Stan роботы көлікті көтергішпен алып, тұрақтағы орнына апарады. Шектеулі уақыттан соң робот көлікті қайтадан бастапқы орнына әкеліп қояды. Тұрақта оның кеңдігі мен қызметтің жылдамдығына байланысты бірнеше робот жұмыс істейді.