Басты бетЭкономикаҚазақстанның экономикасын...

Қазақстанның экономикасын 10 компания ұстап тұр

Еретекте Ұлттық экономика министрлігі сыртқы жағымсыз факторлардың толықтай аяқталғанын айтқан еді. Былтыр экономиканың өсімін негізінен құрылыс саласы құтқарып қалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен машина құрастыру саласы да жанама әсер етті.

Бір айта кетерлігі ЖІӨ-нің 60 пайызын тек үш сала ғана құрап отыр: өндіріс, өңдеу және сауда.

Өндіріс саласындағы көрсеткіштерді Атыраудағы ТШО мен NCOC (Қашаған) өндірістері көрсетіп отыр. Сонымен қатар, KAZ Minerals-дың Бозшакөл мен Ақтоғай (мыс рудалары) саланы қосымша алға сүйреді.

Өңдеу өнеркәсібіне келер болсақ, әртараптандыру жұмыстарының басталғанына қарамастан, бұрынғыдай дәстүрлі түсті және қара металлургия мен мұнай өңдеу секторы. Соның ішінде түсті металлургияда ERG және “Қазақмыс” компаниялары, қара металлургияда “Қазфром” мен “Арселормиттал Теміртау”, ал мұнай өңдеуде Атырау МӨЗ-і мен Павлодар МӨЗ-і.

Ал сауда саласының ел экономикасына салған үлесі ЖІӨ-нің 12 пайызын құрайды.

ДереккөзNaryk.kz