«Доллар сатылымы бір айда 25,5 пайызға — 562,5 миллион долларға дейін төмендеген. Барлық валютаны былтыр сәуір айындағы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, доллар сатылымы 8,5 пайызға, еуро сатылымы 81,7 пайызға, ал рубль сатылымы 6,9 пайызға көтерілген. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында валюта айырбастау орындарында 386,2 миллион еуро сатылды. Бұл көрсеткіш бір жылда 70,4 пайызға өсіп отыр», — дейді сарапшылар.
Мамандардың мәліметіне сай, еуро сатып алушылардың басым бөлігі — Астана және Алматы қалаларының тұрғындары. Олар сәуір айында еуроның 61,6 пайызын сатып алған.
Еуро сатып алушылардың үштігінде Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бар. Олар 7,5 миллион еуро сатып алған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,5 есеге көп екен.