Басты бетЖаңалықтарТаразда бұрын-соңды...

Таразда бұрын-соңды болмаған дауыл тұрды

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев үкімет басшысына Таразда болған жойқын дауылдың салдары жайлы айтып берді.

«Тараз қаласындағы 13-ші ықшамауданда жылдамдығы секундына 30 метрге жететін дауыл тұрып, үйлердің шатырлары құлады. 1994 жылғы жұмысшы Бексейітов және 1963 жылғы Нұржан — екеуі де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 8-сынып оқушысы Мәметалиев Бекзат сымды басып кетіп, қаза болды. Дәл сол уақытта тұрғын үйдің металл қақпалары құлап, 1986 жылғы Хамитқызы мен 1966 жылғы Бексұлтанова жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 2006 жылғы Орынбасар есімді ер адамға ағаш құлап, ол да ауруханаға жеткізілді», — деді өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев үкімет отырысы барысында.

Өңір басшысының айтуынша, ағаштардың жаппай құлауына байланысты электр желісі мен газ сымдары үзілді. Оның сөзінше, таңғы уақытта апат-құтқару қызметіндегілер жарық жүйесі 100 пайызға іске қосылды. Қазіргі уақытта қаланы құлаған ағаштардан және қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қаланың үздіксіз тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін, әсіресе жарық беру және газбен қамту желілері бойынша барлық шараларды қолдану қажет. Бірінші кезекте, қайтыс болғандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілуі тиіс», — деді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, 29 мамырда Таразда қатты дауыл тұрып, екі әйел мен бір бала зардап шеккен.

«Қазгидромет» мамандарының ескертуіне сәйкес, 30 мамырда Жамбыл облысында жауын-шашын мен бұршақ күтіледі. Сондай-ақ, оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығыс желіне өтіп, кейбір аумақтарда жылдамдығы секундына 23-28 метрге жететін жел болуы мүмкін.

ДереккөзTengrinews.kz