Барлық көліктер алаңды айналып өтіп жатыр. Салдарынан Республика алаңындағы аумақтарда кептеліс байқалады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Жаңа алаңда Балаларды қорғау күніне дайындық жүріп жатыр.
«Білім басқармасындағылар Балаларды қорғау күнін өткізуге байланысты 30 мамырдан 1 маусымға дейін Сәтбаев көшесі, Желтоқсан мен Фурманов көшелері сағат 9.30-дан 12.00-ге дейін жабық болатынын хабарлайды. Бағыттарыңызды алдын ала ойластыруларыңызды ескерте отырып, колайсыз жағдай туғызғанымыз үшін кешірім сұраймыз», — деді қалалық әкімдіктің өкілдері.