Басты бет Қоғам Орманшылардың жалақысы өсуі мүмкін

Орманшылардың жалақысы өсуі мүмкін

2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап орман шаруашылығында еңбек ететін мамандардың жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Сенат жанындағы аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысында депутат Рашит Әкімов мәлім етті.

©Gazeta.ru

Өсімдіктер және жануарлар әлемі мәселелері бойынша заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылаған мамандар елімізде ең төменгі жалақы орманшыларға тиесілі екенін де атап өтті. Сондықтан жаңа заң жобасында сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы назарға алынып, орманшы қауымның еңбекақысын 25 пайызға көбейту қарастырылып отыр.

Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау, экология мәселесі мен аңшылық, балық шаруашылығына қатысты да өзгерістер бар. Сенаторлар салаға қатысты заң жобасын бірінші маусым күні екінші оқылымда қайта қарайды.

«Орман шаруашылығында атқарылатын жұмыстар әлі де көп. 2019  жылдың бірінші қаңтарынан бастап орман шаруашылығында істеп жүрген азаматтардың жалақысын 25 пайызға өсіру, бұған дейін де 40 пайызға өсірілген. Өздеріңіз білесіздер, ең төменгі жалақы осы орман шаруашылығының қызметкерлерінде болатын. Бұл да орман шаруашылығының ары қарай дамуына, сақталуына жақсы әсер етеді деп есептейміз»,- деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашит Әкімов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version