Басты бетҚоғамОрманшылардың жалақысы...

Орманшылардың жалақысы өсуі мүмкін

Өсімдіктер және жануарлар әлемі мәселелері бойынша заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылаған мамандар елімізде ең төменгі жалақы орманшыларға тиесілі екенін де атап өтті. Сондықтан жаңа заң жобасында сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы назарға алынып, орманшы қауымның еңбекақысын 25 пайызға көбейту қарастырылып отыр.

Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау, экология мәселесі мен аңшылық, балық шаруашылығына қатысты да өзгерістер бар. Сенаторлар салаға қатысты заң жобасын бірінші маусым күні екінші оқылымда қайта қарайды.

«Орман шаруашылығында атқарылатын жұмыстар әлі де көп. 2019  жылдың бірінші қаңтарынан бастап орман шаруашылығында істеп жүрген азаматтардың жалақысын 25 пайызға өсіру, бұған дейін де 40 пайызға өсірілген. Өздеріңіз білесіздер, ең төменгі жалақы осы орман шаруашылығының қызметкерлерінде болатын. Бұл да орман шаруашылығының ары қарай дамуына, сақталуына жақсы әсер етеді деп есептейміз»,- деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашит Әкімов.

Дереккөз24.kz