Басты бетМәдениетБала тәрбиесінде...

Бала тәрбиесінде ең бастысы тыңдай және ести білу керек — Анджелина Джоли

«Ана болу — ең үлкен сый және үлкен жауапкершілік. Анасы болғандықтан, сен балаң үшін қолдан келгеннің барлығын істейсің. Өзіңнің құндылықтарың мен көзқарастарыңа сай, оларды жақсы адам қылып тәрибелеуге, үлгі болуға тырысасың. Мен де балаларымның алдында жауапты, саналы, сыйлы адам болғым келеді. Олардың танымы кең болып өскенін қалаймын. Бірақ бала тәрбиесінде ең бастысы — оларды тыңдай және ести білу керек. Барлық ата-аналардың басты міндеті осы шығар. Балалар өмірге құштар болады. Олар өмірдің қатал шындықтарын қабылдай алмайды. Біз оларға көмектесуіміз керек. Олар да үлкендер сияқты қорған мен махаббатқа зәру»,- деді Джоли.

Анджелина  репродуктивті мүшелерін балаларының болашағы үшін қорыққандықтан ғана алдырып тастағанын айтады. Себебі, актрисаның анасы Маршелин Бертран 56 жасында қатерлі ісіктен көз жұмған еді. Осыдан кейін тексерілуден өткен Анджелина бұл аурудың өз бойында да бар екенін анықтаған.

«Балаларым енді «Менің анам қатерлі ісіктен қайтыс болды» деп айтпайтын және мен сияқты қиналмайтын болады», — деді актриса.

ДереккөзBnews.kz