Кім өзгерістерге дайын болса, сол жеңеді — Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бүгін Назарбаев Университетінің түлектерін бітіруімен құттықтады.

«Қазіргі заманда бұрын алған біліміне арқа сүйейтіндер емес, өмір бойы білім алуға, үйренуге әуес адамдар ғана жеңіске жетеді. Маған университетте президент болудың жолдарын ешкім үйреткен жоқ. Президент болу үшін өмір бойы, күнімен, түнімен білім алуға, ізденуге тура келеді. Естеріңде болсын, кім өзгеріске дайын болса, сол жеңеді. Кім зерттеушілермен, инвесторлармен бір тілде сөйлессе, сол жеңеді», — деді Елбасы.

Бүгін Назарбаев Университетінің ІІІ түлектерінің бітіруіне арналған салтанатты кеш өтіп жатыр. Биыл университетті 737 студент бітірді. Оның 499-ы бакалавр, 229-ы магистратура, 9-ы PhD докторлары. Барлығы 75 түлек үздік диплом алады.

ДереккөзInform.kz