Басты бетЖаңалықтарӨскеменде полицейлер...

Өскеменде полицейлер велосипедпен жүретін болды

«Жаз басталғалы қала көшелеріне экологиялық транспорттың әуесқойлары шыға бастайды. Сондықтан, біз де автомобиль жүргізушілерін велосипедшілерге түсіністікпен қарауға шақыру үшін және жол жүру ережелерін бұзбауы үшін қызметкерлерімізді екі дөңгелекті көлікке отырғыздық», — деді ШҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бас инспекторы Ақгүл Атудинова.

Полиция қызметкерлері велосипедпен қалай қозғалу керектігін, бұрылу кезінде қалған жолдағыларға қалай көрсету керектігін, жаяу жүргіншілер жолағынан қалай өту керектігін және тағы басқаларды өздері көрсетті.

Тәртіп сақшылары 14 жасқа дейінгі балаларға жолға шығуға тыйым салынатындығын, 7 жасқа дейінгі балаларды арнайы жабдықталған орындықпен алып жүру керектігін көпшіліктің есіне салды.

Ақгүл Атудинованың айтуынша, осы айда Өскемен қаласында велосипедшіге қатысты бір ғана жол-көлік апаты тіркелген. Дегенмен, оларға қатысты түсіп жатқан шағымдар саны аз емес.

ДереккөзInform.kz