Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Кәуапхана мен монша кешендеріне экологиялық талап күшейеді

Фото: pixabay
2026 жылдың басынан бері Алматыда шағын және орта бизнес нысандарының атмосфералық ауаға бөлетін зиянды шығарындыларына бақылау күшейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл туралы Eco Almaty ЖШС мәліметінше, кәуапханалар, монша кешендері, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу орындары, дөңгелек жөндеу орындары мен экологияға әсер етуі мүмкін өзге де нысандар күнделікті бақылауға алынды.

Мамыр айында табиғатты қорғау қызметінің мамандары 287 нысанды тексерген. Бақылау барысында шығарындылар көздері, сүзгі және газ тазарту жүйелерінің болуы, сонымен қатар санитарлық және экологиялық талаптардың сақталуы назарға алынған. Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындарына ерекше көңіл бөлінген. Тексерілген 160 мекеменің 11-інде сүзгі орнатылған, 7 нысан электрмангал қолданады, ал тағы 3-еуі газ жүйесіне қосылған. Қалған кәсіпорындарда тазарту құрылғыларын орнату жыл соңына дейін жүзеге асырылады, — делінген хабарламада.

Тексеру жұмыстарымен қатар кәсіпкерлерге атмосфералық ауаны қорғау талаптары мен қоршаған ортаға келетін зиянды азайту жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Exit mobile version