Мусиннің адвокаты Нұрлан Бейсекеев қорғалушысының қамау мерзімі 30 маусымға дейін ұзартылғанын айтты.
«Астана қаласының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасына Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Исаеваның Бауыржан Мусинді қамауда ұстау мерзімін созу жөніндегі шешіміне шағымданамын. Себебі бұл соттауға болмайтын жағдай. Қорғалушы тарап бұл істі Есіл аудандық сотының судьясы Мұханғалиеваға жолдауға өтініш білдіреді», — деді адвокат Нұрлан Бейсекеев.
Еске салайық, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет басшысының орынбасары Бауыржан Мусин биыл 31 наурызда ұсталды. Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, параның жалпы сомасы — 1,4 миллион теңге.