Қырғызстан Республикасының әділет министрлігі алғаш рет санкция қаупі көп мәмілелерге қатысы бар 50 заңды тұлғаның қызметін дереу тоқтату туралы бұйрық шығарды. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
Еconomist.kg ақпаратына қарағанда, ұл шара Қырғызстанға санкция салуға әкелуі мүмкін сыртқы экономикалық қызметке арналған жаңа ведомствоаралық тетіктің бір бөлігі ретінде қабылданған.
Компаниялар тізімін әділет министрлігіне Қырғыз Республикасының экономика және сауда министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар ұсынды. Олар санкция шектеулерінен жалтару мүмкіндігі туралы ақпаратты қарастырды.
Әділет министрлігі бұл шешім ұлттық экономиканы қорғауға және батыстағы серіктестердің қайталама санкциялар қаупін азайтуға бағытталғанын мәлімдеді. Жаңа тәртіп заңды тұлғаларды тоқтатудың жеңілдетілген тәртібін қарастыруға мүмкіндік береді.

