Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: Ерқанат Аманкел/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

21 мамырда Алматыда, түнде Қарағанды, Теміртау, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version