Осы жазда Алматыда қандай көшелер жөндеуден өткізіледі?

Алматыда барлығы 83,7 шақырым болатын 114 көше жөнделеді. Олардан бөлек, арықтар мен веложолақтар да жаңартылмақ.

Қала әкімшілігі биыл 250 мың шаршы метр аумақты жөндеуден өткізбек. Қазіргі таңда оның 50 мың шаршы метріндегі жұмыстар аяқталған.

Сонымен бірге, 97 мың шаршы метр тротуар, 130 аялдама алаңы, 12 магистральді, 23 аудандық көшелер де жөнделеді.

1 маусымда ұзындығы 30,75 шақырым болатын 19 көшеде жөндеу жұмыстары басталады, 18 қиылыстағы трамвай жолдары алынады.

Торайғыров — Каблуков көшелеріне 3,7 шақырым болатын веложолақ салу жоспарланған. Шевченко, Қонаев, Өтепов көшелеріндегі трамвай жолдары алынады да, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Байтұрсынов — Тимирязев — Абай көшелерінде веложолақтар салынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Жандосов, Саин көшелерінен Таусамалы ауылына дейінгі 2,08 шақырым жол да күрделі жөндеуден өтеді. Жоспар бойынша, Қарғалы өзеніндегі көпір де жөнделуі керек.

«Жақын уақытта «Алғабас», «Айнабұлақ», «Қалқаман», «Алтын Алаш»  ықшам аудандарындағы жолдар да жөнделеді», — деп хабарлады әкімшіліктен.

Алматыдағы жолдарды жөндеу-құрылыс жұмыстарына аймақтық бюджеттен 9,5 млрд теңге бөлінген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version