Не болды?
Елімізде ұшқыш пен жабдықты сынау бөлімі басшысы 2 миллион теңгеге жуық жалақы алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, сәуірде Enbek.kz сайтында 104,7 мың бос жұмыс орны жарияланды. Ұшқыштарға жұмыс беруші тарап 1,9 миллион теңге жалақы ұсынса, олар 3,9 миллион теңге жалақы күтетін көрсеткен. Жұмыс берушілер бағдарламалық қамтамасыз ету сәулетшісіне, шамамен 1,7 миллион теңге, ал жабдықты сынау бөлім басшысына 1,6 миллион теңге жалақы төлеуге дайын.
Бұдан бөлек көп жалақы күтетін мамандар мыналар:
- бортсерік — 2,1 млн теңге;
- жақ-бет хирургі — 2 млн теңге.
Жұмысқа түйіндеме жолдағандар бір айда 15,1% артты
Электронды еңбек биржасында биылғы сәуірде 104,7 мың бос жұмыс орны жарияланып, 123,3 мың адам түйіндемесін жолдады. Сәуірдегі бос жұмыс орны наурыздағы көрсеткіштен 2,1%, ал түйіндеме саны 15,1% артқан.
Қай өңірде бос жұмыс орны көп?
Бос жұмыс орны көп өңірлер:
- Астана (8,5 мың);
- Павлодар облысы (7,2 мың);
- Алматы қаласы (6,7 мың);
- Ақмола облысы (6,6 мың);
- Қарағанды облысы (6,4 мың).
Контекст
Естеріңізге салайық, мемлекет сұранысы көп 50-ден астам мамандықты арнайы тізімге енгізген.

