Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда адвокаттар...

Қазақстанда адвокаттар тегін қызмет көрсететін болады — Марат Бекетаев

«Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Қазақстанда адвокатура институтын дамыту үшін «Probono» жүйесін енгізу қажет. Ал оны енгізу үшін адвокаттарды азаматтарға заңгерлік көмекті жылына тиісті сағаттар көлемінде бюджеттік өтеусіз көрсетуге міндеттеу қажет.  Сонымен қатар қорғаушы тоқсан сайын алқаға аталған көмекті көрсету бойынша есебін таныстыруы тиіс», — деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның атап өтуінше, «Probono» жүйесі халықтың әлеуметтік әлсіз тобына ақысыз заңгерлік көмекті қамтамасыз ету қадамын ескереді.

«Азаматтардың заңгерді таңдау кезінде бұл жүйе ең маңызды өлшем болып табылады. «Probono» аясындағы сапалы жұмыс заңгерге сенімді арттырады және ол үшін табыстылықтың салмақты нышаны болып табылады», — дейді Бекетаев.

ДереккөзInform.kz