Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ақтауда әйелді бір жыл бойы аңдыған ер адамға үкім шықты

Фото: Depositphotos.com
Ақтау қалалық соты бір жыл бойы әйелді аңдып, мазалаған азаматқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Іс материалдары бойынша, сотталушы 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы ақпанға дейін жәбірленушімен оның еркінен тыс байланыс орнатуға әрекет жасаған. Ол әйелдің жүрген жерін аңдып, үйіне дейін еріп жүрген. Сонымен қатар түрлі телефон нөмірлері мен WhatsApp мессенджері арқылы бірнеше рет хабарласып, хат жазған.

Сот мәліметінше, мұндай әрекеттер жәбірленушінің психологиялық жағдайына кері әсер етіп, қорқыныш пен мазасыздық тудырған. Сонымен қатар оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірілгені айтылды.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартуды сұраған. Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұраған. Ол мұндай әрекетті енді қайталамайтынын айтып, жеңіл жаза тағайындауды өтінген. Нәтижесінде Ақтау қалалық соты оны ҚР қылмыстық кодексінің 115-1-бабы — қудалау (сталкиң) бойынша кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады, — делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Exit mobile version