Головкиннің промоутері Мейвезердің сынына жауап берді

— Мейвезер Головкинді ол бірінші орта салмақтағы боксшы болған кезде онымен жұдырықтасқысы келгені үшін сынға алғанына таңым бар. Әрі Андре Уордты қорғайды. Таяуда ғана Уорд 160 фунтта Мейвезермен айқасқа шыққысы келген кезде, оны «бала Флойд» деп атаған.

Головкин үш жылдан астам уақыт аралығында WBA бойынша  ең белсенді әлем чемпионы, ал Уорд — осы кезеңде аса белсенділік танытпады. Егер қателеспесем, The Ring  екі жылдық кезеңде бірінші бестік ішінен үміткермен айқасуға белсенділік танытып, тілек білдірмегені үшін оны титулынан айырды. Головкиннің қазіргі рейтингі — белсенділігі мен артықшылығының жемісі. Ол 21 қарсыласын қатарынан нокаутқа жіберді. Көпшілік айқастар уақытынан бұрын тоқтатылды. Сондықтан да Флойдтың нәсілдік жайындағы мәлімдемесі негізсіз. Нәсілдік өмірдің барлық саласында бар, ал Головкин рейтингте еңбегінің емес, түсінің ақ болуына байланысты жоғары тұр деп айту оның АҚШ-та жарқырай көзге түскен сәттен бастап жеткен барлық жетістіктерін төмендетумен тең.

ДереккөзҚазАқпарат