Басты бетЖаңалықтарЭнергетика министрі...

Энергетика министрі халық алдында есеп береді

Кездесу өңірлерде бейнеконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Кездесу барысында Энергетика министрі Министрліктің қызметі туралы баяндап, сұрақтарға жауап береді.

Есеп беру кездесуі 2017 жылғы 1 маусымда сағат 11-00-де Астана қаласы Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы Киноконцерт залында өтеді.

Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтындағы «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі» форумында талқылауға болады.

Дереккөз7kun.kz