Басты бет Жаңалықтар Еркебұлан Дайыров Балуан Шолақтың рөлін сомдайды

Еркебұлан Дайыров Балуан Шолақтың рөлін сомдайды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіргелі отырған бұл фильм балуан, әнші әрі композитор Балуан Шолақтың өмір жолын баяндайды.

Режиссер Нұргелді Садығұлов «Балуан Шолақ» толықметражды фильмінің түсіріліміне кірісті. Картина әйгілі қазақ балуаны, әнші әрі композитор, халық арасында Балуан Шолақ деген атпен танымал Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмірін баяндайды. Фильм сценарийін Дулат Исабеков жазды.

Әйгілі балуанның рөлін отандық актер Еркебұлан Дайыров сомдайды. Ол бұған дейін «Қазақ хандығы», «Алмас қылыш», «Тараз», «Сүйе білсең» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.

Режиссер «Балуан Шолақ» фильмінің түсірілім тобын таныстырып өтті. Олардың арасында қоюшы-оператор Ренат Қосай, қоюшы-суретші Еркін Сүлейменов, арт-продюсер Сәбит Әбдіхалықов бар. Көркемдік жетекшісі — кинорежиссер әрі сценарист Сатыбалды Нарымбетов. Киножобаның атқарушы продюсері — Бахтияр Байназаров.

Түсірілім тобы киноны биылғы жылдың 1-маусымынан бастамақ. Көркем фильмді Алматы, Ақмола және Павлодар облыстарында түсіреді.

Естеріңізге сала кетсек, картинаның тәжірибелік нұсқасы 2017 жылдың басында басталған еді. Ол кезде басты және қосымша рөлдерге кастинг өткізіліп, реквизиттер мен сахналық құрал-жабдықтар дайындалып жатқан болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version