Басты бет Жаңалықтар Бейсекова көшесі 9 маусымға дейін жабылады

Бейсекова көшесі 9 маусымға дейін жабылады

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жөндеулерге байланысты көлік қозғалысының шектелетінін хабарлады.

28 мамыр 21:00-ден 9 маусым 06:00-ге дейін Бейсекова көшесінде Қосшығұлұлы көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі аумақта жартылай көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Жабылу себебі: Бейсекова көшесінде инженерлік желілердің құрылысы жүргізіледі. Жүргізушілер елорда жолдарында кептіліс тудырмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алғаны абзал.

Бұған дейін Астана қаласында Рысқұлов көшесінің де жабылатындығы хабарланды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version