28 мамыр 21:00-ден 9 маусым 06:00-ге дейін Бейсекова көшесінде Қосшығұлұлы көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі аумақта жартылай көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Жабылу себебі: Бейсекова көшесінде инженерлік желілердің құрылысы жүргізіледі. Жүргізушілер елорда жолдарында кептіліс тудырмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алғаны абзал.
Бұған дейін Астана қаласында Рысқұлов көшесінің де жабылатындығы хабарланды.