- Оразаны артық салмақ тастау, денсаулықты қалпына келтіру т.б мақсаттар үшін емес, тек Алланың разылығы үшін ұстау керек.
- Рамазан – күнәлардың кешіріліп, дұға-тілектердің қабыл болатын уақыты. Сондықтан Алла тағаладан жиі кешірім тілеп, дұғаларыңызды арттырыңыз.
- Өткен Оразадан қарызыңыз бар болса, Рамазан айы келгенге дейін өтеуге тырысыңыз.
- Егер бірінші рет ауыз бекітуге ниеттеніп отырсаңыз, Оразаға дейін 2-3 күн ораза тұтып, «жаттығу» жасаңыз.
- Әйел адамдар ерлерге қарағанда көп сөйлеп, ғайбат айтуға жақынырақ болады. Сондықтан ондай жаман әдеттеріңізден бүгіннен бастап арылыңыз. Себебі Алла тағала ораза тұтып, бірақ, өсек, өтірік айтатын жандардың оразасын қабыл етпейді.
- Бұл Қасиетті айда Жаратушымызға жақындай түсіп, рухани байығыңыз келсе, жиі Құран оқып, дұға етіп, құлшылықтарыңызды арттырыңыз.
- Оразаға 1-2 күн қалғанда үйіңізді, аулаңызды толықтай тазалап шығыңыз. Аузыңыз берік уақытта шаршап қалмау үшін үйді сырлау, әктеу, жөндеу сияқты ауыр жұмыстарды Рамазан айына дейін жасап алыңыз.
- Сондай-ақ ауыз бекіткенде, ауыз ашқанда жейтін пайдалы тағамдарды алып дайындап қойыңыз.
- Бүгіннен бастап ащы, майлы, кофе сияқты шөлдететін, асқазанға салмақ түсіретін тағамдардан бас тартып, ағзаңызды жеңіл әрі құнарлы тағамдарға үйретіңіз.
Әйел адамдар Рамазан айына қалай дайындалуы керек?
ДереккөзAsylsoz.kz