Басты бет Жаңалықтар Галбадрах Отгонцэцэг пен Елдос Жұмақанов дзюдодан күміс иеленді

Галбадрах Отгонцэцэг пен Елдос Жұмақанов дзюдодан күміс иеленді

Қазақстандық дзюдошылар Галбадрах Отгонцэцэг пен Елдос Жұмақанов Гонконгте өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Елдос Жұмақанов ерлер арасындағы 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері оңтүстіккореялық Ан Ба Улудан есе жіберді.

Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Галбадрах моңғол спортшысы Мунхбат Урванцэцэгтен ұтылды. Қазақстандық спортшы ақтық сынға дейін Вьетнам дзюдошысы Тин Хоан Хи, индонезиялық Терри Кусумавардани Сусанти мен жапондық Фуны Тонакиді жеңді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version