Басты бет Жаңалықтар BBC World Қорғас туралы деректі фильмді көрсетіп жатыр

BBC World Қорғас туралы деректі фильмді көрсетіп жатыр

"Шығыс пен Батыс түйіскен тұс" (Khorgos gateway: where East meets West) деп аталатын деректі фильм «Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА туралы түсірілген.

Фильмде Шығыс пен Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағдарларының түйіскен тұсында әлемдік деңгейдегі ірі дистрибуциялық орталық дамып келеді.

«Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан Құрғақ порт Азия мен Еуропаға шығатын транзиттік пойыздарды өңдеуден өткізеді»,-дейді фильмнің продюсер Д. Уэльс.

Деректі фильмді түсіру тобы Нұркент селосының жергілікті тұрғындарының тағдыры туралы қызықты материал әзірлеген. Бұл жоба Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының бастамасымен жүзеге асырылуда. Негізгі инвестициялық нысандардың құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Фильм «ВВС Worldwide» бағдарламасы арқылы сегіз тілде беріліп, аптасына әлемнің 74 миллион көрерменін қамтымақ.

Айта кетейік, қазақстандық көрермендер деректі фильмді 27 мамырда тамашалайтын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version