«Мобильді медицина» хакатоны: байқау жеңімпаздары 10 миллион теңге алады

Байқауға қатысуға Қазақстанның 6 қаласынан 30 стартап команда өтініш берді. Қатысушылар – Nazarbayev University, Гумилев ат. ЕҰУ, ҚБТУ және т.б. қазақстандық ЖОО-лардың, сондай-ақ University of Waterloo, University of Toronto, Ломоносов ат. ММУ және т.б. сияқты шетелдік университеттің студенттері. Мұнымен қатар қатысушылар арасында «Қазпошта» АҚ, «ҚазАвтоЖол» АҚ, «ADAM DAMU» ҚҚ, «Royal Consulting Group» ЖШС, NEP Unit Group және т.б. қазақстандық компаниялар мамандары болады.

Екі күн бойы байқауға қатысушылар (командалар) денсаулық сақтау саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлейді, атап айтқанда, ары қарай жетілдіру және іс жүзінде пайдалану мүмкіндігімен мобильді қосымшаның логикалық аяқталған прототипін жасайды.

Байқау шеңберінде әзірленген үздік шешімдер елорданың медициналық ұйымдары алаңдарында іс жүзінде іске асырылу мүмкіндігіне ие болады. Мұнымен қатар, байқау жеңімпаздары шетелге (Түркия, Германия, Израиль және т.б.) тәжірибе жинауға барып, инновациялық әзірлемені 10 миллион теңгеге дейін коммерциаландыру мүмкіндігін алады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: ШЖҚ «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы» РМК.

Іс-шараның демеушілері: «Қазақстандық жоғарытехнологиялы, энергия тиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы», «Қазақстандық инновациялық технологиялар ғылыми орталығы».

Іс-шараға ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Александр Цой, Астана қ. әкімінің орынбасары Малика Бектұрова, «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сартаев, Технологиялық кәсіпкерлерге арналған «Techpreneurs» сандық платформасы, Біріккен ұлттар ұйымы, БҰҰ-ның Қазақстандағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы ел кеңсесі өкілдері қатысады.

Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік менторлар, Арман Сүлейменов, Мағжан Мәдиев, Алексей Смирнов, Саят Уважанов, Нариман Мұқышев сияқты ІТ-ортада танымал кәсіпкерлер мен басшылар қатысады деп жоспарланып отыр.

Іс-шараның бағдарламасымен және егжей-тегжейімен https://hackathon.ezdrav.kz сайтында және іс-шараның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында танысуға болады.

Хакатон өтетін мекенжай: Астана қ., Иманов к., 19, «Алма-Ата» бизнес-орталығы, 10-қабат,  1002-кеңсежай, AstanaHub стартап инкубаторы, басталуы 2017 жылдың 27 мамыры сағат 10:45-те.