Қазақ-қырғыз шекарасында жер сілкінді

2026 жылғы 22 сәуірде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым жерде жер сілкінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қырғызстан ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым жерде магнитудасы 3,3 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулері 2026 жылғы 22 сәуірде Астана уақытымен сағат 04:26-да болған.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Күнгей Ала-Тоо жотасы маңында орналасқан.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да