Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Тоқаев жұмыс сапарымен Түркияға барады

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сонымен қатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған, — делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.

Exit mobile version