Алматы полиция департаменті азаматтарды қорлайтын материал таратқаны үшін өзін «ұстаз» деп атайтын Нұржан Смағұлды әкімшілік жауапқа тартты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Блогер атеистерді сиырға теңеген. Осы әрекеті үшін полиция Нұрлан Смағұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырған.
Кейін сот «ұстаз-блогерді» кінәлі деп таныған. Оған 108 125 теңге айыппұл салынған.

