Басты бет Жаңалықтар Компьютеріңізді хакерлер қалай бұзып аша алады?

Компьютеріңізді хакерлер қалай бұзып аша алады?

Хакерлер фильмдерге жүктеу әдістемесі мен файлдарды өңдеуді қолданып, шабуыл жасалатын жүйеге бақылау орната алады.

Фото: Theworldnews.net

Check Point компаниясының мамандары компьютерді бұзып аша алуға мүмкіндік беретін танымал видеоойнатқыштарды анықтады.

Зерттеу бойынша, хакерлерге жүйені бақылау үшін қолданушының плеерде ерекше конфигурациясы бар файлды ашқаны жеткілікті екен. IT-мамандар шабуылдың қалай жасалатынын YouTube хостингінде «Сноуден» фильмі арқылы жеткізді. Олар хакерлердің суретті жүктеу процесін қалай қолдана алатынын көрсетті.

Бұл қауіп VLC, Kodi, PopcornTime және Stremio стриминг платформаларында бар. Check Point қазіргі уақытта шамамен 200 миллион видеоплеер мен стримерде қауіп бар деп бағалап отыр.

Қазіргі уақытта VLC және PopcornTime платформаларында бұл ақау жойылды. Kodi имен Stremio осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Мамандар басқа да видеоплеерлерде қауіп болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені Check Point тек танымалдарын ғана тексерген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version