Басты бет Видео Қайрат Нұртас «16 қыз» фильмнің саундтрегін орындайды

Қайрат Нұртас «16 қыз» фильмнің саундтрегін орындайды

Режиссер Қанағат Мұстафин наурыз айында жарық көретін «16 қыз» фильмінің саундтрегі ретінде Қайрат Нұртастың репертуарындағы «16 қыз» әнін таңдап алды. Қайрат «Досмұқасан» тобының репертуарындағы бұл әнді аталмыш топтың мерейтойлық концертінде орындаған болатын.

Осыған орай Қанағат Мұстафин Қайраттың қатысуымен осы әнге бейнебаян түсірді. Ол жақын күндері арналардан көрсетілетін болады.

0dLAvjTl30A

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың «Аңсайды жаным» әні «Адель» фильміне саундтрек ретінде таңдалып алынған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, отандық «16 қыз» комедиялық фильмі Бауыржан есімді сүр бойдақ жайлы сыр шертеді. Басты рөлдерді Берік Айтжанов, Аша Матай, Әнуар Нүрпейісов сомдаған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version