Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Шерзат Болат ісі: сотталғандар ақтауды сұрап отыр

Фото: Оsce.org
Талғарда кісі қолынан қаза болған 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша сотталғандар үкіммен келіспей, кассациялық сотқа жүгінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәліметінше, сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет кассациялық шағым түсіріп, өздерін толық ақтауды сұраған.

Адвокаттың айтуынша, олар шығарылған үкіммен келіспейді. Қылмыстық істі кассациялық тәртіппен қарау бүгін, 7 сәуірге белгіленген.

Еске салайық, 2024 жылғы 3 қазанда түнде 16 жастағы Шерзат Болат төбелес кезінде қаза болды. Іске қатысы бар тоғыз азамат сотталған болатын.

Exit mobile version