Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Huawei алғашқы MateBook X ноутбуктарын шығарды

Ноутбуктердің түстерімен бірге USB порттарының саны да бірдей: екеуінде де екі порт бар. Екі ноутбуктың да салқындату жүйесінде желдеткіш жоқ. Бұл оның салмағының жеңіл болуын қамтамасыз етеді. Бірақ осы жерде Huawei рекордты жаңартты: оның қалыңдығы 12,5 миллиметр. Macbook-та ол 13,1 миллиметрді құрайды.

Сондай-ақ, MateBook-та өте жіңішке 2K-дисплейі орнатылған. Ал, дыбысы Dolby Atmos жүйесімен жабдықталған. Құрылғының оперативті жады — 8 ГБ, ал жинақтық жады — 512 ГБ.

Huawei-дің хабарлауынша, жаңа ноутбуктардың қуаты 1080p-видеоларын көргенде 10 сағатқа дейін жетеді.

https://www.youtube.com/watch?v=kuZWxnflMZc

MateBook X ноутбуктарының тағы бір артықшылығы: онда саусақ іздерінің сканері бар.  Бұл жүйеге қосылуды жеңілдетеді. Олар 1 570 долларға бағаланып отыр. Ал, MacBook-тың ең арзан нұсқасы 1 800 доллар тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version