Астанадағы Бараев көшесі жабылады

Жөндеу жұмыстарына байланысты Астана қаласындағы Бараев көшесі уақытша жабылады.

Бараев көшесі бойында орналасқан «Есіл» өзені көпіріндегі асфальтбетон жабындысын жүргізу және жөндеу жұмыстарына байланысты ағымдағы жылдың 25 мамыры күні сағат 21.00-ден 26 мамыр күнгі сағат 06.30 аралығында көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлап алуларына кеңес беріледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version