«Антигептил» Болатбек Біләловтің бас бостандығы 3 жылға шектелді

Үкім оқылған соң ол сот залынан босатылды. Бұған дейін өз ісін қылмыстық емес, саяси деп санап келген  Болатбек Біләлов Астанадағы сотта кінәсін мойындап, ісіне өкініш білдірді. Ол «азаматтық белсенділердің көпшілігі өзінің ісін жеке мүдделеріне пайдаланатынын, бірақ қазір өзі үшін ең басты құндылық отбасы боп табылатынын түсінгенін» айтқан. Сонымен бірге белсенді «өзінің қылмыстық ісін саяси мақсатта және өзін жарнамалау үшін пайдалануға тыйым салатынын» мәлімдеді. «Антигептил» тобының мүшесі, азаматтық белсенді Мақсат Ілиясұлы Болатбек Біләловке «екеуінің бірін – қоғамдық-саяси өмірі мен отбасының тағдырын таңдау керек болғанын» айтады. Кінәсін мойындамаған жағдайда бірнеше жылға сотталып кететін Болатбек Біләловке ауыр болған шешімді қабылдайтындарын және ренжімейтіндерін мәлімдеді.

«Демократия және адам құқықтары институты» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Болатбек Біләлов былтырғы жылдың қарашасында ұсталды. Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты қарашаның 11-де азаматтық белсенді Біләловті екі айға қамау туралы шешім шығарды. Оған БАҚ арқылы әлеуметтік, ұлтаралық араздық тудырды деген айып тағылды.

Болатбек Біләлов сонымен бірге, үйлері сүрілгенде берілген өтемақы көлемімен келіспеген Астана қаласының тұрғындарының мүддесін соттарда қорғағанымен және өзге де баспана мәселелері шешілмеген азаматтарға көмектескенімен танымал. Ол Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан гептилді отын ретінде пайдаланатын ресейлік зымырандардың ұшуына қарсы «​Антигептил» тобының белсенді мүшесі.

Дереккөзcentralasian.org

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елімізде балаларды қаржы сауатына үйрететін қазақ тіліндегі кітап жарық көрді

Балалар мен ересектерді қаржы сауатына үйрететін "Тиыннан теңге құрайтын бала" кітабы жарық көрді. Бұл еңбек - New York Times-тың "The Opposite of Spoiled: Raising Kids Who" деген әйгілі бестселлерінің қазақша нұсқасы.

Елена Рыбакина әлемдік рейтиңнің үздік үштігіне енді

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтиңінде жоғарылады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Үкіметте газ саласын дамытудың мәселелері қаралды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Автокөлікке VIP-нөмірді онлайн таңдауға болады

Былтыр автокөлік иелері шамамен 6 миллиард теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Өндіріс орнынан репортаж: Биологиялық белсенді қоспа қалай өндіріледі?

Baribar.kz тілшілері Akyldy food supplements компаниясының негізін қалағандардың бірі химик Диас Тастанбековпен әңгімелесіп, өндіріс орнының жұмысымен танысып қайтты.

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болды

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.